ВЕРНУТЬСЯ

      Беу,
Нарын!

Ата
қоныс - арманды ел ең,

Исатай
іздеп сені барған неден?

Не
үшін кең аймақты дүбірлетті,

Махамбет
сынық құлақ тарланменен?

Айтса
оны - тарих куә!

Ел
сенеді.

Сенесің
- сол күндердің
келсе демі:

Исатай
- қол бастаған көсем-дағы,

Махамбет
- шаруалардың семсері еді.

Болса
да хан билеген Орда күшті,

Қос
сабаз қолын жинап, қорғанысты.

Исатай
- айғыр жалды арыстан да,

Махамбет
- жұмыр жонды

жолбарыс-ты!

Аңдысып,
бірін-бірі арбасты күш,

Жер
иіскеп жата алмады жамбас тыныш.

Исатай
- болатұғын өткір найза,

Махамбет
- жарқылдаған алмас қылыш!

Есте
әлі - ғасыр өтсін, ел есебі,

Көксеген
қара халық келешегін,

Исатай
- алтын ердің қасы-дағы,

Махамбет
- садақтың сұр жебесі еді.

Сөйлесе
семсер сөзге
үйір ақын,

Отты
жыр нөсер болып құйылатын.

Исатай
хан алдына барар шақта,

Найза
тіл Махамбетке сыйынатын!

Махамбет
сөйлеп кетсе жүйелетіп,

Сөз
таппай ханың түгіл, би өлетін!

Сайыста
жауға сілтер семсерім деп,

Исатай
соған ғана сүйенетін...

Білмейтін
жалтаңды да, бұлтаңды да,

Сөйлейтін
шалқып тұрып
жұрт
алдында,

Махамбет
- семсер сезбен сойған еді,

Баскесер
Баймағамбет сұлтанды да!

Махамбет
- қыран қабақ, қайсар ақын,

Хан
да оған тік қарауға тайсалатын.

Қырғидай
қиып түсер мінезі бар,

Жауына
шүйілгенде жайша ағатын!

Қос
сабаз ағып түскен жасын еді,

Ел-жұрты
ұмытқан жоқ ғасыр оны...

Аңыз
боп ұрпақтарға қала бермек,

Қазақтың екі тарлан - асыл Ері.