ВЕРНУТЬСЯ

    Өмірдің
көп
қызығын кәсіп етіп,

Кетіпті
қырықтан да жасым етіп.

Уақыт
аялдауға көнер
емес,

Үстімнен
ұмар-жұмар басып өтіп.

Зырлапты
осылайша шат талай күн,

Керкіне
көзім
түссе батқан айдың,

Тағы
да таң бозарып қалды ма деп,

Қолдағы
сағатыма жалт қараймын.

Ұйқы
жоқ көптен бері кез ілмедім

Таусылды
тағат пенен төзімдерім.

...Жылдардың
жүгін
артып келіп тұрған,

Жырларым - жазылмаған, өзің бе едің?!