ВЕРНУТЬСЯ

      Сайын дала
сағымды,

Самал таулы
Сарыарқа.

Кешіп көлдей
шаяғынды,

Көп жүгірдік,
жан қалқа.

Жүгіргенде
жүрегім

Құстай ұшты кеудемде.

Көп қарадық
гүлдерге,

Көп шомылдық
көлдерге.

Екеуімізге
кейіннен

Екі бөлек жол түсіп,

Жақсы көрген
пейілмен

Қош айтыстық қол қысып.

Содан бері
көрмедім,

Түсіме де
енбедің.

Қайда жүрсің,
қалқатай,

Сүйіктім ең сен
менің.

Жастығым, сені
жоғалттым

Қалың орман
ішінде.

Жүзіндей сом
болаттың

Жарқ етесің
түсімде.

Бұрынғыша екеуміз

Орман кезіп
кетеміз.

Тал бүршігін
сындырып,

Шапқылаймыз
жүгіріп.

Сен кетесің шарқ
ұрып,

Мен қаламын
алқынып.

Жастығым, сені
жоғалттым,

Дарияның
төсінде.

Жүзіндей сом
болаттың

Жарқ етесің
түсімде.

Бұрынғыша екеуміз

Сыр жағалап
кетеміз.

Су тамаша, су
қызық,

Шалқалаймыз бір
жүзіп.

Сен кетесің
алыстап,

Мен қаламын тал ұстап.