ВЕРНУТЬСЯ

Сен аман боп жүрші, жаным, ләйім,Арманым да, ардағым сен – Күн, Айым.Тұнба бұлақ секілденген көздеріңТәңіріден мұңланбауын сұрайын. Қатты кетсем жүрегіңді жаралап,Ақбұлақтай көңіліңді қаралап,Ақымақтың ашуы деп білерсің,Қызғанышы қызған шоқтай ғаламат! Қайтсем де мен бой ұрамын бір саған,Аққұсымсың, аруымсың аңсаған,Бүкіл мынау ғұмырымның мәнісі,Бір өзіңсің қиялым да, ой-санам. Қарап саған қанатымды қомдаймын,Қайда жүрсем піріңдей боп қолдаймын.Тірі жүрсем қара жердің бетінде,Шаң тигізбей қызғыштайын қорғаймын.

Автор: