ВЕРНУТЬСЯ

Сен де тыныш,мен де тыныш,тынышпыз,Ұры уақыт өтіп жатыр ұрыссыз.Ойлап көрсек бәрі тыныш секілді,Жүрек,бірақ,қалмайды ғой жұмыссыз. Жүрміз қазір үнсіз іштен тынып біз,Кездескенде сөйлесеміз құлықсыз.Сендік арман қандай екен?Білмеймін...Мендік арман...Түсімдегі қырық қыз... Соңғы кезде алыстадық,қашқақтап,Қайсымыз да кете алмадық асқақтап.Шаршадық па,тыныш тірлік іздедік,Жанарларға жасықтау бір жас сақтап. Байланыссыз бірте-бірте ұзадық,Ерімей жүр көңілдегі мұз анық.Кеш болғанда мұңайып көз саламыз,Батып бара жатқан күнге қызарып... Көрсеттік-ау махаббатқа жан сауға,Шын сезімдер шыдамайды шаршауға.Бір өзіңді сүйетінім  рас-ау –Суысам да,жүрек сені аңсауда!..

Автор: