ВЕРНУТЬСЯ

    Сен құрметте оны! 
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан
жоқ,
Тізеден кесіп
аяғын.
Еріккеннен де
ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы
шапты,
Бізді жалмамақ
болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша
алысты,
Өлім соққысын өз
үстіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің
үшін берді ол
Азаттық жолында
аяғын.
Одесса,
1945