ВЕРНУТЬСЯ

Сен, ренжіме,көзіңдегі мөлдір тұнба бұлақты,жүзіңдегі өмір сүрген қуатты,өңіңдегі ізгілікті, шуақты –маржан жырдың жолдарына ілмесем,күннен-күнге қызғалдақтай гүлде сен. Жазғытұрғы таңғы нұрдай аяулы,шұғыла шашып мың-сан сәуле бояулы,құлпыра бер, махаббатым, баянды.Шапағына шарпылайын мен-дағы,елжіретіп сезіміңнің бал дәмі. Сонда Күн де нұрын төгіп малынта,айналармыз біз қып-қызыл жалынға,көңіл мас боп өзің барда жанымда,осы өмірдің бар қызығын татармыз,рауандаған алтын таңдай атармыз. Күз өкпегі көңілге дық сала алмай,есерміз біз көктемдегі самалдай,тіршіліктің жұпарына қана алмай,жанарыңда тұрған тұнық жақұт-нұр,мәңгі муза, айнымайтын бақыт бұл,төгілмесін қалай ғана шабыт-жыр?! Сен ренжіме,Жыр арнамай жүрсің деп соңғы кезде,Тағдыр сыйы – жұп ғұмыр мәңгі бізге.О, ақыным, мұндайда шалқы лезде.Ғашық жарым,өмірім де өзіңсің, өлеңім де,көңілім де шат күйге бөленуде,сыр сандығым – сезімім тереңімде...Сол баяғы ынтыққан бұла қалпы,менен саған осындай мұра қалды.

Автор: