ВЕРНУТЬСЯ

     Шегем
деме азап еш,

Жолға
шықсаң, қызық-ақ!

Жүретін
кез аз емес,

Жүрек
кілтін бұзып ап.

Тежеп
кейде басуға

Қозған
сәтте желігің,

Қандай
жақсы қасыңда

Болса
сырлас серігің!

Берік
болмай сертіңе,

Билік
берсең сезімге, -

Жібермейді
ол еркіңе

Көңіл
аулар кезінде...

Жеңе
алмайсың шайқасып,

Олай
етсең - тағылық!

Іштей
тынып қайтасың,

Тауың
кейде шағылып...

Кірмедім
бір кафеге,

Ұстағандай
ораза...

-
Кірме! - дейді Мәкелеп,

Оғылай
мен Роза...

Думан
қалды айнала,

Жолым
осы - ұттырған.

Қос
серігім қайда да,

Босатпады тұтқыннан!