ВЕРНУТЬСЯ

    Соғыс жолы батысқа барады ұзап, 
Сағат сайын
солдатта жаңа тұрақ.
Сен менімен
біргесің, сәулем, мәңгі
Ара шалғай болса
да сонша ұзақ.
Қатер күшті,
Жау оғы тынбай
ұлып,
Окобымның кемерін
кетеді ұрып.
Бірақ сенің
суретің жүрегімнің
Тұсында тұр
өмірдей жарқын күліп.
Көз алдымнан
кеткен жоқ бейнең сенің
Өмірден тұрсадағы
таяу өлім.
Төс қалтамда
сақтаулы суретіңнен
Рухтанды сезімпаз
кеудем менің
Саябырлау сағатта қолыма алып,
Үңілген ем жүзіңе
көзім салып,
Жау оғы көкрегімді
қарып өтті,
Суретке де кетіпті
қаным тамып.
Мен де аттым,
Көрдім жаудың сұлағанын...
Есімде сәл талықсып құлағаным.
Сол кезде де жүзіңнен оқыдым мен
Махаббаттың кіршіксіз романын.
Соғыс қатал ұрланып ой, қырдан да,
Сығалайды сұм
ажал шың, құздан да,
Бірақ мені ол ешқашан жеңе алмайды,
Жүрегіме қалқан
боп сен тұрғанда.
Кеше бір жат
солдаты өлім етер,
Тап берді, найза
үйірдім, жастанды жер,
Өлсін мейлі,
жыласын оның жары,
Бақытты құшағымда сен күле бер.
Соғыс жолы батысқа барады ұзап,
Жүрегімнен сен
мәңгі алдың тұрақ,
Жеңіспенен ауылға
оралған күн
Той жасармыз
сүйіктім, күт мені ұзақ!
1944