ВЕРНУТЬСЯ

   Маужыраған
сағатта кешкіғұрым, 
Тек қана өзіңе
тән толқуыңның
Түпсіз шыңырау
түбінен күмбірлеген
Үнің мен дабылыңды
сүйгелі сенің.
А.С. Пушкин
Шалқы, теңіз, тулаған толқыныңның,
Күмбірлеген тыңдайын
күміс үнін,
Атыраудың аңсаған
сәлемімен
Басын иді алдыңа
ақын ұлың.
Сен артымда
қалғанда шудаланып,
Жоталанған
толқының жарды қағып,
Көгілдірлі суыңа
кірпігімнен
Моншақ жасым
мөлдіреп түскен тамып.
Жас қана емес
жарамның қаны бірге
Сорғалаған жақпар
тас кемеріңе,
Намыс тұтап,
кеудемде кек қозданып,
Лаулаған жалынды
өрт жүрегімде.
Данышпан
ақыныңдай сонау өткен,
Жағаңа жасым
төгіп тастап кеткем,
Бірақ сені
азаптан арылтуға
Анамның ақ
сүтімен уағда еткем.
Сен сонда бізді ұзатып қалдың кейін,
Көмкеріп
көбігіңмен жар жиегін,
Азынаған дауылмен
белдескендей,
Теңіз беті болған
еді ала құйын.
Жайраңдап аспаныңнан жұлдыз күлмей
Шалықтап не күн,
яки ай да жүзбей,
Фаэтонның
сынғандай тарантасы,
Үстіңнен қара
түнек басқан зілдей.
Тек Зевс жаудырды да найзағайды,
Түн денесін
үздіксіз найзалайды,
Қарт Атрау
Кавказдың шыңын қағып,
«Тоқта, қайда
барасың?!» қайдалайды.
Біз оның етегінен алып орын,
Қайрадық
Қазыбекке қанжар жүзін,
Асау Терек
бойында ашу кернеп,
Қоштасып аруымен
грузиннің.
Кеудемізді қатерге қарсы тостық,
Жау соққысын
омырар етіп тестік,
Кавказдың
жаңғырыққан дабылына
"Алғалаған"
айғайлап ұран қостық
Толқыны сыртымыздан тудай жебеп,
Кейінде қалды
Атрау, асау Терек,
Сені сүйген
жалыны махаббаттың
Жеңіске бастай
берді бізді демеп.
Сенің асау дабылың айқайлаған,
Саңқылдап естілді әлде қайдан.
Балтық пенен Мұз
мұхит арасында
Кәрі тарих
көрмеген қызды майдан.
Жаңғырығын
жартасқа соққан сенің,
Жетеледі жеңіске
ер жігерің
Долы майдан
бесігі тербеп талай,
Баулыды жаңа
майдан Гераклын.
Әлем тегіс картадан
көзін алмай,
Күтті бізді
телміріп сағынғандай,
Дүниені түтеген
жалын жапты,
Аспан мен жер
айқасып соғылғандай.
Жер үлгеріп жұта алмай қан теңізін,
Маңдайынан өшіріп
жау жұлдызын,
Волга менен
тоғытып Днепрге,
Жағаңа кеп ту
тікті тағы бүгін.
Бронза ақын
биіктен көзін салып,
Жібек шашы
толқындай бұйраланып,
Тұр, Байронға бір
кезде жиегіңнен
Сәлемдерін
жолдаған есіне алып.
Шалқы теңіз, тулаған толқыныңның
Күмбірлеген тыңдайын
күміс үнін,
Түпсіз шыңырау
қойныңнан күлші кәні,
Маужыраған
сағатта кешкіғұрым.
Одесса, 1944