ВЕРНУТЬСЯ

    Сен осыдан бір ғасыр бұрын 
Тұрдың Тисса жарында биік.
Жасыл майса
мадьяр қырын
Жырыңдай ыстық
жаныңмен сүйіп.
Естідің елдің қайғы мен зарын,
Дәрменсіз өксіп, егілді ауыл.
Түнерді қабақ,
төзбеді арың,
Кеудеңді долы
кернеді дауыл.
Толқындар тулап
жүрегіңдей,
Көз алдыңда төңбекшіп
жатты.
Өзіңнің озат
тілегіңдей
Өршелене тік өрге
атты.
Сыймады Тисса арнасына,
Бөгетті бұзып
ағылтты селін,
Шақырдың жырмен
жар басында
Күреске түгел
мадьяр елін.
-          Оян, -
дедің, - Отаным менің,
Аңсаған венгер азаттық таңын.
Жауыңда кеткен
жоқ па еді кегің?..
Арыңа құрбан кіршіксіз жаным!..
Өлкені түгел оятты ұран.
Тұр
толқыны тулады қатты.
Жаңғырды Дунай,
жігерлі ұлан
Асынып жарақ,
ерттеді атты.
Төбеңде тудай
шалқыды жырың,
Қол бастадың
кезеніп садақ.
Айқаста жаудың
қашырдың сұрын,
Тақытты, тәжді
жебемен қадап.,.
Махаббатқа сусадың жастан,
Азаттықты аңсады жаның...
Оқ тиіп кенет
құладың аттан...
Кеудеңнен ыршып
кекті асау қаның.
Талықсып кеттің.
Тасынды жендет,
Жағаңнан алып,
сүйреді көрге.
-          Тарт қолыңды!
Кетпекпең жерлеп,
Бермейді ақын
жүрегін жерге!..
-          Өлмеймін! -
дедің,
Өлмейді өлең!..
Зиратта, рас, қалды тек денең.
Жүрегіңді жыр
тұрған сыйып,
Мадьяр кегі көтерді
биік.
Тисса өзенінің бір саласы.
Лаулап оттай тұрды ол көкте,
Туған
елдің дүбірін тыңдап.
Жалтылдап жалын
бастады кекке,
Күрестің болат
семсерін шыңдап...
Толықсып туың дір етті бір шақ...
Қан тоғытты
Шегашвар жерін.
Сол қаннан жалын
жаралған ұрпақ
Арманыңды жалғады
сенің...
Ал, бүгін ақын болды азат елің.
Құлдық тақыты қыйратылған.
Сүйсіне қарап
бейнең тұр сенің
Ерлердің соңғы
зиратынан.
Сен осыдан бір ғасыр бұрын
Аңсадың әділ
заманды сүйіп,
Өлмейді рухың,
өшпейді жырың,
Даңқыңды ұрпақ көтерер
биік!
Будапешт, 1945