ВЕРНУТЬСЯ

 Қойныңа батырлар көмілген,Мәрмәрдей сүлдерің тұр әлі.Шерқала,шер жұтып өліп ең,Сен жайлы көп аңыз тірі әлі. Жүз келем сезімнің күйі еніп,Тастарды жаратқан мұңсыз ғып.Сол мұңсыз тастарға сүйеніп,Алдымда тұрады үнсіздік. Тұрсаң да тіл қатпай, Шерқала,Керексің тірі мен өлі үшін.Аңыз ғып айтады ел ғана,Бір қырғын болғанын сен үшін. Жартасқа байғыздар қонады,Етекте бейіт тұр күз рең.Әйлеңкес жел ғана соғады,Төзімнің сүйегін мүжіген. Жұмбақсың мұңдана қараған,әзірге жоқ ешбір дерегі.Батырлар өлген сол даладан,Қара түн қызғалдақ тереді.