ВЕРНУТЬСЯ

    Шешен халқы -

Ғасырдың құрбандары!

Аз боп әлі келе ме қырғандары?

Таулар неге қорған боп атылмайды,

Тас қамал ма қалқайып тұрған
бәрі?!

Айдын көлдей мөп-мөлдір тұнық тұрған,

Дүниені кім сонша былықтырған?

Замандардан заманға көшкен сайын

Шешендерді шыбындай қырып тұрған.

Дүниенің бір бітпей былықтары,

Содан, бәлкім, барады құрып бәрі.

Шашыраған шешендер жер-жаһанға.

Ғасырлардың сияқты сынықтары!

Қанша дауыл соқса да ұлытқалы,

Шешен халқы ерлігін ұмытпады.

Шаңырағын шайқалтпай
сүйеп тұрған,

Елде қалған асыл ер - сырықтары!

Тал бойында тулаған асыл қаны,

Шешендердің жетпей
ме шашылғаны?

Жеңіп шығып
кәпірді,жалған емес,

Күллі әлемге айдынын асырғаны.

Ғұмыр
кешкен барша жұрт сұр ғаламда,

Қатер қанша оқ борап тұрған алда?

Құрымаса Дүние,мүмкін емес,

Жеңілуі шешеннің бұл жалғанда.