ВЕРНУТЬСЯ

    Заманнан ба жұрт түгел сайтан көрген,

Сұм
сатқыңдық бұл жұртқа қайдан
келген?

Азаттығы жолында нар халықтың,

Арман бар ма ерлерде майданда өлген.

Еңіреген ерлерге жыны
келген,

Ездер қанша ішінен тынып өлген?

Ал, сатқындар  шіріген жұмыртқалар,

Жат тауықтың бауырын жылы көрген.

Қу да ұтпаған тірлікте,

Сұмда ұтпаған,

Өмір екшеп, бәрін де сұрыптаған.

Қандай
тауық басса да,

Қайдан шықсын

Сау балапан шіріген жұмыртқадан.