ВЕРНУТЬСЯ

       Жерге ырғып
түсті де,

Жабысты гүл үстіне.

Жұтып таңғы ауаны,

Жан-жағына
қарады.

Желмен шашын
тарайды

Қызғалдақтар
желбіреп.

Жасқанып шық
қарайды

Жаудыр көзі
мөлдіреп.

Барлық көздер
қалғыған,

Ерте тұрған тіпті өзі.

Күн шығуын
аңдыған

Жылтырайды шық
көзі.