ВЕРНУТЬСЯ

Үстірттің төсін шарлағын,Арала жаяу, бар ұзақ.Тақырдай құрғап тандайын,Алады сынап аңызақ. Бекерге күтпе көк нөсер,Жігіттің болсаң берені.Шыңырау құдық кездесер,Қырық-елу құлаш тереңі. Қос қолды, батып шымбайға,Тай қарын қауға талдырар.Тер төгіп шөлін мұндайда,Қайсарлар ған қандырар. Шыңырау сені тергейді,Бермейді суын теп-тегін.Емессің бе егер ебдейліТата алмай дәмін кеткенің. Болса да қиын, құрбам-ау,Су тарту керек, соны ойла.Адам да бейне шыңырау,Сыр тарту одан оңай ма?!