ВЕРНУТЬСЯ

     Көкірегін намыс қысқанда,

Соғысқан өжет құстар да.

Оқтардан құдай сақтаған

"Аллах
акбар"деп сайрап ұшқанда.

Қанаты қажып талмаған,

Ер құстар көкте самғаған.

Қол ұшын беріп сардарға

Жау тылын жіті барлаған.

Дүниені кезіп жаралы,

Барлауға шығар сан әлі.

Не дейсің, жұртым, болса егер,

Адамнан құстар
саналы?

Тұрғасын тау-тас торға үқсап,

Жетектегені ме екен қолға ұстап.

Адасып қалса бір сарбаз

Шырылдап ұшқан жол нұсқап.

Жаралған құстар жасыннан,

Айласын жаудан асырған.

Боздақтың өлген денесін

Жапырақ тасып жасырған.

Аттанған құстар майданға,

Ұшып та
жетіп қайдан да.

Қанаттарымен су тасып,

Тамызған талмай таңдайға.

Бұлттанса ашық аспаны,

He керек шыңнан асқаны.

Атылған солдат бетіне

Шүріппені тұрған басқалы.

Ел үшін өзін құрбанға,

Құстар да
шалмай тұрған ба?

Сатырлап жауға жабылған

Жазықсыз жұртты
қырғанда.

Автоматпен қырып атса да,

Зеңбірекпен жайпап атсада.

Көрмеген кейін шегініп,

Оққа ұшып құстар
жатса да.

Достықтың артпай құштары,

Шырқалсын қалай күшті әні?!

Шешенніңжыртпай намысын,

Қалғанда көп ел тысқары.

Тайсалмай жаумен соғысқан

Кавказдың өжет құстары.