ВЕРНУТЬСЯ

    Ұлысың ба,
кім білсін, ұрысың ба?

Ұлы қанша
танылған ұлы сында?

Төбе бидей
қоймадың жөн айтқанды,

Дүниенің тұрсаң да бұрышында.

Ұлы болып жан болсаң жаратылған,

Неге
еспейді жылы жел қанатыңнан?

Ұлылардың
бәрі де қилы шақта

Тағдырына
халықтың ара тұрған,

Мұсылманның баласы
болмағасын,

Еспейді ме жылы жел
қанатыңнан?!

Ие көрген кім сені,кие
көрген?

Түйін шешіп көрдің бе шиеленген?

- Өткен жерді мал
айдап, - дейсің және,

Біздің жер деп
қазақтар иеленген.

Күннен де асқан атағы,айдан да асқан,

Ұлы қанша
зұлматпен майдандасқан?

 Шын ұлылар алалап,бөле-жармай,

Жер-жаһанға нұр шашқан байтақ аспан,

Тас ғаламда өзіңдей ұлы бар ма,

Ұлыстармен
ұрсысып тайталасқан?

Ресей - анаң ит қосып қуған кезде,

Қазақ еді құшағын айқара ашқан.

Көз салғаның жеріне
- тілдегенің,

Тілдегенің
емес пе күндегенің.

Сипағанды
ұмытқан сиыр құсап,

Жақсылықты бұл
қалай білмегенің?

Ала тайдай ел ішін дүрліктіріп,

Тоғытайын деп пе едің түрмеге ерін?!

Cом
жараның айналып соқтасына,

Уланғансың жете
алмай көп қасына,

Отаны жоқ өзіңдей
бұралқы иттер,

Бақ тілей ме өзгенің отбасына!?

Атсын, мейлі, атпасын таң білінбей,

Сөзінді естіп қалмайды жан түңілмей.

-Тамырларды үз, - дейсің, -Шын сорласын,

Тал бойынан шешеннің қан жүгірмей.

Миың сенің тозса да зақымданып,

Сөз сөйлейсің кей-кейде батылданып.

-Таулы өлкенің қи,
- деп те, - қантамырын,

Айттың қалай, ойпырмай, дәтің барып?!

Кісілікті кім сенен тонап алған?

Садаққа да ұқсайсың доғаланған.

Теңбіл добы күштінің сен екенсің,

Тепкен жалқау
шашып домаланған.

Бар ма сенде қасиет өнеге артқан?

Кезің қанша халыққа жебе тартқан?

Саясаттың шыбығы сен екенсің,

Бұлт үйіріп елдерге
келе жатқан.

Жерде,көк те аластап қудалаған

Алапессің!

Өзіңді кім қалаған?

Саясаттың мылтығы
сен емес пе,

Ұлыстарға,

Ұлттарға
туралаған.

Жолдан тапқан
баладай ұстап алған,

Азғырды ма сені де мыстан-жалған?

Қаларың хақ бір күні ұмытылып,

Шылғаудайын жыртылып
қыстан қалған.

Халықты ойлап төксін ол қайдан қанын,

Ұмытса
егер туған ел - пайғамбарын.

Бұралқылар әдетте тілейді
ме,