ВЕРНУТЬСЯ

Сөйлегені,
назданғаны,
күлгені
Сүйсінтіп  тек  қоймайды  бұл 
бір  мені.
Қандай  жақсы, 
шіркін, күнде  гүл  жайнап
Сұлулардың  ортамызда 
жүргені!
Әтір  сіңген 
ауаға  мас  жандайсың,
Көтересің 
кездессе  де  қандай 
сын.
Бір  ғажабы,
сұлулардың  көзінше
Біреулерге 
іренжи  де  алмайсың.
Қыздырғандай  көңіліңнің  базарын,
Ақиқатты  мойындайсың
-
таза  арың.
Өйткені  сол  сұлуларсыз
жер  мен  көк
Жоғалтып-ақ 
алатындай  ажарын.
Мейлі  әуелден  басыңмен 
көк  түс  тіреп,
Тағдырдан  оң  ала 
алмайсың  іс  тілеп.
Сезеді  тек  сұлулықтың 
қадірін
Сұлулықтан  құр  қалғандар 
күштірек.
Бірақ,  бірақ..,
ақылдысың  орасан
Бір  шындықты  мойындауға 
жарасаң:
Дүниеде  сұлулар  аз  дүниеге
Көзімен  тек  сұлулардың 
қарасаң.