ВЕРНУТЬСЯ

Сөйлемеймін суайттай мақтанып құр,Жыр толғасам сырымды ақтарып бір:Менің мына кеудемнен дауыл ұрып,Көкірегімде қып-қызыл от жанып тұр! Кәдімгі от!Бір дүлей іште бұққан,Бұл денемді қайтермін ыстық атқан!Ақша қармен ысқылап,қызуымдыБасармын ба ұлпа алып қысқы бақтан. Шағым туды,дер шағым,мазда, жаным,Шарпы әлемді, іркілмей жаз қаламым...Жалын-жүрек сыймастай жер-дүниеге,Өртен өлең, жетеді аздаған мұң...

Автор: