ВЕРНУТЬСЯ

«Тезірек ұшып-үйренуі үшін балапандымерзімінен бұрынырақ ұядан қуу керек».Ағылшын нақылы.«Адам болатын бала жас болмайды».Қазақ даналығы.Толғанайын, толғайын,Толысып тұрған ұрпаққаТолымды сәлем жолдайын,Тамыры терең зәузатқаТатымды тілек арнайын.Сөйлегім келді шешіле,Көкірегім нұрға малынып,Заманның ерсек көшіне,Ауырмас жүрек қабынып.Туған жердің төсінеЖұлдыз боп тұрсақ жағылып.Жастардың уәжі осындайЖарқырап туған маңдайы.Тектіден тұяқ-асылдайСөнбейтін шырақ-шамдайы.Түйсініп тұрса тереңненБабадан қалған әуезді,Өлеңнен жақұт терем менКөргенде кесек мінезді.Көңілім кетер марқая,Сөйлеймін сонда шалқая,Қазақтың озса баласы,Желетін мен бір желмая.Әкелер жолын қуа алған,Ерлікке белін буа алған,Өнерден озып өзгеден,Білімге жанын суарған,Мен бір жүрген Қыдырмын –Жастарды көрсе қуанған.Соларды көріп мастандым,Шарпып бір соқса жас толқын,Алынбас бар ма асқар шың?Шуағы қандай бойыңаАшылып тұрған аспанның,Келеді ойға жолдарыЖазылар жаңа дастанның.О, жастарым, жастарым,Дәуірі бірге достарым!Сілкінелік қанатты,Серкелер сұңқар санатты.Ұшарсыңдар ұшпаққаҰштасаңдар талапты. Тегінде Тәңір ұнатпасЖалқау менен масылды,Көзіңдегі бұлақты аш,Көрмекке ғажап ғасырды!Туып тұр сенің Уақытың,Қонып тұр сенің бақытың.Тура жолдан айныма,Нөсерлесін шабытың.Құйқылжытып төге біл,Өмір сүріп, өне біл.Қиядан шолып ғаламды,Сұңқар құсап көре біл.Туған жер мен ел үшінБойдағы күшті аяма,Өркенді болсын өрісің,Өмірлік болсын жеңісің,Өрлеген кезде қияға,Шапағат шашып ұяңа,Жұртыңды ал бүкіл саяңа.Қарақан басты қамдама,Күнкөріс жайын таңдама.Ел-жұртым деп еңірер,Қабырғасы сөгілер-Ерек туған жан ғана.Тоқмейілсіп тегінде,Тірлік кешпе алдана,Жасындай жанып көгімде,Жебеушің болссын маң дала!Адам боп келсең өмірге,Адамзат жүгін арқала! Самғаған сайын шарықтарСұңқар сынды құс болар,Болса да қанша алыптар-Жер шарында халықтар:Сұңқарлы елде сұс болар,Сұңқар болса ұланы,Сенімді, сақ, қырағы,Қайрат қайтпас, күш толар,Сұңқарлардың ұрпағы –Салтын биік ұстанар.Қанаты қалса қайрылып,Қайтпайды оның айбыны.Сұңқарды сұңқар тастамас-Мәрттігімен әйгілі.Болмайтын мүлде бақталас,Бір-біріне сайлығы-Текті құстың байлығы.Тағылым солай тараған,Ұрпағын тегіс аздырмай,Тұлпардй түгел жараған.Семсердей жүзі жалаңдар,Ертеңін елдің бағамдар,Ертеңіне елдің алаңдар-Ерек туған есті ұлан,Сендерге берер бағам бар!Мынау заман – құт заман,Адасады ұқпаған.Алға асады ләйімАрманы асқақ мықты Адам!Сендердің туды күндерің,Қия-шыңнан гүл терің!Жағады менің жанымаСұңқардай отты түрлерің,Саңқылдаған үндерің.Санадан кетпей сүйікті ел,Самғауың болып биіктер,Бермеңдер басын жүлденің.Ырыстарың мол болар,Қайда да жолды оңғарар:Бір Алла, Бекет-Пірлерің!

Автор: