ВЕРНУТЬСЯ

Беу, ерім-ай, жерің мынау қорғаған,Көмбе екен-ау, талайларды арбаған.Қазына екен ғасырларға жететін,Ырыс екен бұрынғыға қонбаған. ...Шоқпарыңды көтере алмай қол талды,Қол талған соң ен даладан әр тайды.Көк найзаны айырбастап ілімгеБоксшыдай сәтті күтем оңтайлы. Қонағыма бере-бере төрімді,Алға аттаған, қадам кейін шегінді.Заман өзге, әлі күнге білмейміз,Қиындықты өзің сынды жеңуді. Басымыздан талай-талай өтті мұң,Баяғыдай дархан дала жоқ бүгін.Ел алдында өз парызын өтеген,...Оу, Сүйеке, асқар таудай шоқтығың! * * *Әулиелі мекен, сәйгүліктердің ізі бар,Көбейді жұрт та бұл күнде саған қызығар.Қайқы қылыштай қара шалдардың орнындаНамысқой ұлың ішінен тынып, қызынар... Өзіңде жатыр қоймасы небір деректің,Дегенмен, көпке қазынаң үшін керексің.Дымын қалдырмай сөліңді сорып алған соңҚауіптенемін, іздемей ме деп сені ешкім... * * *                            ***Киелім-ай, перзент тұттың мені де,Жалқын күннің нұрын ектің өңіме.Ұлы дала тектілігі сіңсін деп,Тәй басқаннан салдың аптап, желіңе. Көкірегіме шабыт құйдың, дем бердің,Ауырғанда лебіңмен-ақ емделдім.Арсыздыққа көңіл налып, мұңдансамСаған сеніп, семсердейін сермелдім. Біткенінше берген ғұмыр өтер күн,Дей алам ба, ауырыңды көтердім.Перзент тұттың, санға қостың, өсірдіңПарызымды мен қалайша өтермін?.. Соны ойласам, бір басыма жетер мұң,Ғұмыр-әнге өзіңді арқау етермін.Саған деген өшпес махаббатымды,Ұрпағыма аманаттап кетермін...