ВЕРНУТЬСЯ

Ерегесiп өлең де жатып алар,Аң емес оғың болса, атып алар.Шақырсаң да кей кезде келмей қойып,Күн сияқты кетедi батып олар. Абыр-сабыр жүгiрер қала-тұрақ.Шам жанады түнге нұр таратып-ақ.Өлең оқып отырам түсiмде ылғи,Свинкстiң тас бетiн оятып ап. Тастық сертiн сақтап ол түк ұқпайды,Бiз құсап тiршiлiкке құнықпайды.Бiр жылатып,Сонан соң бiр жұбатар,Күлкiлi оған бiздегi үмiт, қайғы.Бiздегi көңiл-дағы кiршең едi,Қирайсың.Жұбанасың -кiм сенедi?Жүрмiн әлi үмiттiң шамын ұстап,Ол шамым бiр жанады, бiр сөнедi. Сағындырды ауылдың алтын әнi,Жүректе соған тартар жол тұрады.Адам жаны жамалар сағынышпен,Тауларды да тас қана толтырады.