ВЕРНУТЬСЯ

     Күйінбесін ер халық неге ашынып?

Ажал атқан жетсе егер жебе асығып.

Өз еліңде жүрсе де,өз жерінде

Ата қазақ жүреді
неге ашығып?!

Қазақ елін кім сонша тұралатқан?

Ағаш оғын тағдыр ма құрап атқан?

Мемлекеттің діңгегі емес пе, айтшы,

Зәулім үйлер ауылда құлап жатқан?!

Қазақ бар ма бұрын-соң қырылмаған,

Бастық қанша байлығын жырымдаған.

Ақ періште халқыма
көмек қайда,

Сәбидейін бесікте шырылдаған?!

Маздап жана
қоймаған шырағы әлі,

Сарқылдыма, кім білсін,
бұлак, -әні.

Құлағаны
рухымның емес шығар

Ауылдарда үйлердің құлағаны.

Сайран салып сауықпен баққа кірген,

Күні кеше ел едік жатқа күлген.

Сәби халқын неге кеп жұбатпайды,

Азамат ер қайда жүр атқа мінген?!

Ел үстінде аз болып тыныққаны,

Аш қасқырдай бұл қалай ұлытқаны?

Халык,-ана болса егер,басшылардың

Өз анасын бұл қалай ұмытқаны?!

Асыл ерді қуғындап сыртқа жасқап,

Сорлатпаса болғаны жұтқа бастап.

Басшыларда ар бар ма зар жылатқан

Туған халқын - анасын жұртқа тастап.

Түн жамылып жортса да ұры тынбай,

Ұры
барматын баған түбі ұтылмай.

Жұртта қалған бұйымдай,бастықтарда

Қалмайды деп ойлама ұмытылмай.

Жайын ауыз құлқын боп жаратылған,

Бастық біткен шың емес дара тұрған.

Буыршындай тағынан тайған күні

Сызылады тірінің санатынан.