ВЕРНУТЬСЯ

Өлген жоқ ақын, өлген жоқ,Оралар жылда көктем боп.Мәңгі бір маздақ, жас қалпы,Жүрегін жалын, от кернеп,Оралар жылда көктем боп.Тірліктен жүрем сыр ұғып,Тірліктен сезем ұлылық.Туғанда наурыз қайтадан,Ұйытып жанды жылылық,Келеді Ақын тіріліп.Сүйеді ол бүкіл жер бетін,Өмірге өзі ерке тым.Өшпес нұр етіп Жаратқан,Өзіндік болмыс – келбетін,Өлмейді Ақын, сенгенім.Сеземін үнін самалдан,Далиған дархан даламнан,Тербетіп өткен дүниені,Әлдилеп ізгі сан арман,Өлмес боп Ақын жаралған.Ақ жауын жыры төгілген,Самғаған сұңқар көгімнен:Өзегін жарға өлеңді –Ақтарған аппақ көңілден,Дей алман өтті өмірден.Ғашық боп, бәлкім жыр-қызға,Шекті ме сапар жұлдызға?Жер асты оған тән емес,Ақынға өлім – бір елес,Оралды Ол қайта наурызда.Демеспін көсем, көреген,Шабытқа бойды бөлеген:Өлген жоқ ақын, өлген жоқ,Оянды қайта көктем боп,Тұлпары жырдың-Төлеген!

Автор: