ВЕРНУТЬСЯ

Бозаң қырдың бұласы – бөрі сынды,Батылдығы арландай, арыстандай.Қазағымның айбаты, ары сынды,Айға ұмтылып шапшыған барыс қандай!Тажалдан да таймайтын сесі мықты,Тайқымайтын табаны тарланым-ай!Жасын жанар, мәрт мінез, төсі мықты,Киелі қыр тағысы – тарпаңым-ай!Туған елмен тел өскен дала дүрі,Таң нұрынан жаралған бек асылым.Дауысы мен даңқы да, даралығыТауып тұрар тегінде жарасымын.Дүлдүл десем, дариға-ай, тіл тимесін,Дөңгеленген дүние орамында.Даламдайын дүр етіп сілкін де шын,Тербеле бер тіршілік тарамында.Өнебойын өртеген отты намыс,Өрекпісе өзгеше түрге енер ме?Көк Тәңірдің еркесі – Текті Барыс,Көзін тіккен кербезім күллі әлемге!

Автор: