ВЕРНУТЬСЯ

    Бірінші өлең
Гераклдің сырығындай
Толқындары тіреп
көкті,
Қара теңіз әлде
неге
Тулап жатыр құдіретті.
Алай-дүлей асау толқын,
Көбіктері айға
ұласып,
Кейде құлап, кейде
шапшып,
Бірін-бірі белден
басып.
Теңіз беті ала құйын,
Ала құйын су бораны.
Титан  палуан қатуланып,
Қаққандай-ақ
босағаны.
Келеміз біз долы толқын
Бесігінде
тербетіліп,
Кейде теңіз
шыңына өрлеп,
Кейде жоқ боп, төмен
шөгіп.
Құз қойнына құлағанда,
Симплегад  ұшарынан,
Төбемізден толқын
түтеп,
Бұрқырайды ала
боран.
Посейдон  да қос қанатын
Тұрғандай-ақ
төсеп бізге,
Құз қойнынан
көтеріп ап.
Қондырады тағыда өрге.
Алдымызда Одесса-анау,
Үстін шарпып
басқан жалын.
Мен барлаушыларға
ілесіп түн ішінде
Қара теңіз қолтығынан
қайықпен өтіп,
Одессадағы жау
сыртына шықтым.
Бұл өлең сол
жорық үстінде жазылған.
-          Тез, ескекші, тез есе гөр,
Күтеді аңсап
ұландарың.
Елестейді бір зор бейне,
Лапылдаған от
ішінде,
Жанарлары жалын
төсіп,
Көз аудармай
қарап бізге.
Бұл кім еді?
Ақын Пушкин, Ақын Пушкин анау тұрған,
Қара теңіз
толқынындай
Толқып шашы
ширатылған.
Құшағыңды жазыңқыра,
Ескекші дос, ес
тезірек,
Құлағыма үн
келеді,
Ақын жырлап тұрса
керек.
"Одессаны
құтқар"- деп тұр,
Ақын биік
кемерде.
Мұза
шалқып сәлем беред
Жеңімпаз өр
немереге.
Екінші өлең
Кенет қарсы алдымыздан
Оқ бораны түтеп
кетті,
Жоқ, жоқ, ешкім
бөгей алмас,
Біздің ғажап
келешекті!
-          Ах, Бедный
бишараның
Көкрегіне қадалды
оқ.
-          Тарт, ескекші, тартыңқыра,
Тезірек жетіп,
алалық кек!
Шұрық- шұрық оқ
ізінен
Ыршыды су ішке
кіріп,
Қайығымыз толқын
теуіп,
Бара жатыр
төңкеріліп.
Ажал бізге айбат шегіп,
Кеңірдекке шеңгел салды.
Асау толқын түпке
тартып,
Мейрімсіз қойнына
алды...
Үшінші өлең
Қалсам егер су түбінде,
Көкрегіме оқ
қадалып,
Асау толқын бір
кездерде
Шығарар ма жағаға
алып.
Бірақ менің
бейнемді онда,
Ешбір адам таный
алмас,
" Шын
ерлерше қазаланды" -
деген мүмкін хат
та бармас.
Бұйраланған толқын шашым
Су түбінде түсіп
бітер,
Бір балықшы
сүйегімді
Жағаға әкеп
жерлеп кетер.
Налыр, жылар жалғыз қызым.
Жасын төгіп күтер
мені,
Ұзақ түнге ұйқы
көрмей,
Дертке толып көкірегі.
Суретіме көзі
түссе,
Сағынар тағы
егілер,
Озар жылдар
ұмытпас ол,
Кірпігінен жас төгілер.
Доғар, қиял, неге
олай
Күдер үздің дүниеден.
Қандай елім мені жетер?
Күтед аңсап
Райхан жан!
Борышым көп
мойынымда,
Әлі қолға
алынбаған,
Батырлардың өмірінен
Дастандар көп
жазылмаған.
Жоғал, өлім,
жоғал, жоғал,
Мені билеп ала
алмайсың,
Жалынды ақын
жүрегімді
Көр қойнына сала
алмайсың!
Одесса, 1944