ВЕРНУТЬСЯ

Машиналар,жүкшiлер,милициялар,Терезенiң алдынан сырғи салар.Аракiдiк алдыңнан қыз өтедi,Елжiрейдi жүрегiң жымиса олар! Жезөкшелер,сатқындар,маскүнемдер,Бейшаралар,байғұстар,жақсы реңдер.Пайдақорлар,жемқорлар,мүгедектер,Бiрiн қаржы,бiреуiн аштық емдер!.. Алдыңда адам,қапталда,артыңда адам,Қайықтайсың ортада қалтылдаған.Аракiдiк...алдыңнан қыз өтедi,Қыз өтедi...денесi жарқылдаған. Шашын қара,иығын ,көзiн қара,Iште жатқан қозғайды сезiмдi ана.Автобуста,жиында,оңашада,Өз ойыңды бiлесiң...өзiң ғана!.. Көркем адам,Құнды адам,Қоқыс адам,Қолдарыңды сендердiң не тұсаған!..Бiр-бiрiңдi ойлаңдар,қара-а-ап тұрып,Мына өмiр келмейдi екi саған!.. Жүрген тобыр жаяу да,таксимен де,Мен сендерге идiм ғой басты игенде.Күнiменен жанымды қажап,егеп,Кетесiңдер таралып...басқа үйлерге... Адамдар жанды ұғыңдар,жанды ұғыңдар,Бәрiңнiң де кiшкене хандығың бар.Бiр-бiреудiң жүйкесiн қажай бермей,Махаббатқа  азғана қалдырыңдар!.. Емiн-еркiн жасайды заманды ұққан,Қалған-құтқан адамға,қаған –құтқан.Арылыңдар ездiктен,арамдықтан!..Бiр-бiрiңе үйкелiп-сүйкелiңдер,Өмiр ылғи тұрмайды...жамандықтан!..                         13.09.2000 жыл.