ВЕРНУТЬСЯ

                 ПоэмаАрайы алтын нұрдай Ай қызыл өң,Ажары асқан Ару «пай,мүсін!» ең(!)-Аруақты Апатайым - Томиристей-Массагет-Сақ, Дах-Дай қызы екен! Тәңірім елден ерек шырай берген,Көркіне көрген жігіт құлай берген.Көркіне Өрлігі мен Ерлігі сай,Құдірет пен Құзырет Құдай берген! Әлқисса, «ол кезде» деп сөз өрейін,Арқаланып,  тілімді безенейін.Кең Даламды олжадай көріп жүрген-Жетесізге жыр-қару кезенейін. Дала десе бойында құлық берен,Өзімді өршіл өрен- жігіт көрем.Өткенді өнеге етіп Бүгінгіге,Ойланса деп даңғойлар үміттенем. ...Ол кезде Арал-Каспи егіз екен,Тарих пен тағдыр солай негіздеген.Аймаққа атышулы көз алартып,Нешебір дүлейлерің жер іздеген. Ол кезде қос теңіздің саласы бір,Саласы бір, ағысы, сағасы бір,Батыс - Скиф, Шығысың - Сақ атаған-Қазақтың қасиетті Даласы бұл! Бұл күнде ісінгенше болып-толып,Бағзыны ойланайық шолып көріп.Сол Даланы уыстан шығармасқа,Өмірі өтті ерлердің жорық болып. Жер қорғау – елдің, ердің тұрқы бекем,Ел мәңгі ата қоныс –жұртыменен.Қара жұрт –қасиетті ШАҢЫРАҒЫМ,ҚАЗАҚ деген қастерлі ұлтыменен! О, Далам, ұлы өмірден ақыл түйем,Жыр-ұлың толғанады, асыл кием!Көсілген ніл-дария сахараны-Бағындырған Бабама басымды ием! Намысым қайралады қайрақтайын,Аруақтар құяр бойға айбат дәйім.Жер үшін қанын төккен бабамды ойлап,Дөңбекшіп түніменен жай таппаймын.  Жер десе, шақтарым бар қаным қозар,Кеулейді кейде долы жанымды ызғар...Ерлермен бірдей ел мен жер қорғаған-Санамда жаңғырады Тәңір-қыздар! Тәңірқыз, әлде Темір, Тұмар қыз ба,(Есімін екшелеуден ұтармыз ба?!)Есімін Томирис деп еншілеткен,Гректің Геродотын сынармыз ба?!Жо-жо-жоқ, тигізді олар бар қайырын,Сақтардың хан көтеріп ханшайымын.Мен-дағы көрейінші бір толғанып,Сілкінсін орнынан бір патшайымым! х         х            хЖалтарман жанарымда жасын барда,Құлатып ниетімді асылдарға.Біздің мынау дәуірге дейін өткен-Ой салдым алты-сегіз ғасырларға. Дәуірлер құлағыма үні келді,Баяғы болмысына түрім енді...Баянын тарта берді бағзы әуендер,Үзілмей тарих деген ұлы желі. Жел беріп баба рухы-қуаттары,Жанардан отты жастар жиі аққаны.Баһадүрлер көрінді көз алдыма,Тарпысқан тұлпарлардың тұяқтары! Жер десе, кеңірдегін үзіскендер,Жер десе, бұқадайын сүзіскендер,Жер десе, бере алмаған қарыс сүйем,Қорғаған ұясындай Ұлысты Ер! Ақтаған азаматтар ел сенімін,Ата-ана, бала-шаға, жар сенімін.Ежелден көрші-қоңсы қоныстасы ед,Сақ біткен атағы асқан Парсы елінің! Персия жарақты ел-ді жариялы,Жағалай қоныс тепкен дарияны.Сақтарға иек артып жаулап та алған,Вавилон, Ассирия, Медияны. Сонда да ойландырып өріс тары,Өзгенің қызықтырған қоныстары.Шарықтап шартарапқа жетіп жатты,Парсының шапқыншылық соғыстары. Тасып тым Кир патшаның мейманасы,Сақтардың есін алды кең даласы.Массагет-Дай тайпасы – Сақ көсемі-Елшімен Томириске сөз салады... Кир патшаның талабыСөйледі парсы елшісі өктемірек,Өрекпіп, өпірем тым, өркөкірек,Бұйрық рай бұрқылдап дауысынан,Былайша сұсты сыңай ол лепіред: -Ей, Сақ қызы, даңқың зор батырлықта,Хош көреміз Сізді Біз жақындыққа...Дүрілдеткен ғаламды Кир патшамызСізді алғысы келеді қатындыққа!.. Қарсы келсең, білесің оң болмасын,Қарсылығың басыңа сор болмасын.Парсы менен Сақ елін біріктіріп,Кир патшаның басасың оң жамбасын!.. Елшінің, жан-жағында әскері бар,Бір жауап Томиристен тосқаны бар...ТомирисЖанарынан жалын шашып,Тілімен елшілерді осқаны бар: -Ей, парсының керіауызы, тарт тіліңді,Енді бір сөз...-деп ойла жақ тілінді!..Менің елім –Сақ елі, Сақ даласы,Өз елімнен тапқанмын бақ-тұғырды! Патшаңа айт, ойы - тайыз, ақыл тайды,Ешкімге Сақ қыздары сатылмайды!Арандату, арсыздық, айтаққа еріп,Сақтың елі ешқашан аһ ұрмайды! Көктәңір, Оттәңірге табынатын,Жер-Анаға халықпыз жаны жақын!Даламызды өгейге енші етпейміз,Біз емеспіз бөгдеге бағынатын! Қасқайған аш қасқырдай ұлып тегі,Үзілсін Кир патшаңның үміттері!..Мендей болса сақтардың арулары,Желкеңді үзер тепсінген жігіттері!!! Бұзғың келіп елдігім, шаттығымды,Көршіңізге көрсеттің жаттығыңды.Енді ойла өзіңнің сақтығыңды,-Деген кезде елші де жалт бұрылды... -Онда соғыс!-деп кетті- бірауыздан,Сескенбеді Сақ елі кілауыздан.Сыр тарталық ендеше, ағайындар,Шындықпенен шендескен бір аңыздан... СоғысЖеті жұрт келіп-кетіп, Адай дегенӨр  халық атандырған арай мекен!..Ол кезде Әбескүн, Дай, әлде Хазар,Деп Каспи теңізімді атайды екен. Қос бетін қоныс еткен сол өңірдің,Толғайын толғауларын көне жырдың.Бабадан баян тартып кеткен кезде,Көлкіген көк айдындай төгеді ұлың! Бағзысыз Бүгін болмас өрелі елге,Беу, тарих, қияс кетсем сөге көрме!Қанқұмар Кир патшаны талақ еткен,Томирис рухы ұшып бір келер ме! Әлқисса, кесапат сөз «соғыс!» деген,Киелі сөз ғой «ата қоныс» деген!Сол ата қоныс үшін қанын төгіп,Ерлерім өліспей бір беріспеген! Болса да бақ таласы, тақ таласы,Ездерді тарихтың бар жақтамасы!Томирис сынды аруды туған екен,Қасиетті Маңғыстау –Сақ даласы! Туғасын тумысынан болып текті,Өмірі аттан түспей жорықта өтті.... Естіген елші сөзін Кир патшаныңКөздері қызыл қанға толып кетті!.. ...Күз күні. Кешқұрым шақ. Дала төсі,Ширықты  екі жақтың ерегесі.Жасанған жау жарағын қалың әскер,Жасақтың тең секілді терезесі. Әуеге ұран оттар лапыл қақты,Дарылдап дауылпаздар дабыл қақты...Тұлпарлардың тұяғы тітіретіп,Бір сұмдық тұрды күтіп атырапты... Кир патша күпсінеді, ісінеді,Қайрайды қайта-қайта тісін енді.Қатыннан жеңіліс бір тауып қалса,Қасқиып қалатынын түсінеді. Сенделіп арлы-берлі кезе берді,Жүрегі әлденені сезер еді...Байқады...Сайыпқыран Сақтың қызыКөктегі жауар бұлттай безереді. ТомирисТау секілді тұлғаланып,Тұрған жоқ от жанарын нұрға малып,Қайсарлық  қаны ойнайды жүрегінде,Қолдары қайта-қайта қынға барып. Қасына Спаргапис ұлы жетті,Ол биыл жасқа толған кәмелетті.Көздері шоқтай жаныпАнасынаӨзінің бекем ойын мәлім етті: -Жан ана, әкем шейіт қан майданда,Шалқайған ер еді ол шалқайғанға!Жауыздың жағын екі айырар-ды,Кемсіткен кесір сөзі байқалғанда! Мен енді әке орнын жоқтата алман,Тепсінген тұлпарымды тоқтата алман!Күпсінген Кир патшаны жоқ етемін,Көкірегім намыс пен кекке толған! -Жоқ, ұлым!Томиристің сөзі өктем,-Жоқ менің, айналайын, өзіңе өкпем.Парсымен қанды шайқас күтер бізді,Ежелден бұл ақиқат көзім жеткен. Сен сақ бол, тұяғысың Ерен Ердің,Еліне қорған болған кемел Ердің.Кемсіткен анаңды емес, Сақтың елінСазайын Кир патшаның мен берермін!.. ...Екі жақ алға бастап ауыр шепті,Жебелер қорғасындай жауып кетті...Біресе парсы басым, біресе сақ,Бір-бірін қиян-кескі шауып кетті... Дейтіндей Жер-Анамыз: «обал-дағы»,Қан-қасап, бас доптайын домалады...Шыңғырған, еңіреген, өкірген үн,Екі жақ жан берісіп, жан алады......Кенеттен...Қиқулаған дауыс жетті,Баудай ғып, жау жағының жарып шепті...Томиристің қосалқы әскері бұл-Сақтардың арулары асыл текті. Тосын күш ...Парсыларды тосылдырды,Атты әскер жауды қойша осып қырды.Шайқастың шекке жеткен шамасындаСақтардың күші мүлде басым тұрды! Бұл күні парсыларды қара басты,Саусақпен санарлықтай сарбаз қашты...Жекпе-жекте жеңісті иеленіп,Томирис тұрды ұстап Дара Басты!.. -Қумаңдар, қашқан жауды, қаша берсін,Үдеріп қашқан сайын боса берсін...«Сақ!» деген сөз естілсе құлағына,Сезгендей құдіретті саса берсін! Осылай үн қатты да Тәңір- қызы,Естілді ерегескен әмір-сұсы:-Кир деген қанға құмар патша едің,Құдайдың тиді саған қағындысы! Қанға той! Қанішер жау арын сатқан,Қан құшып Сақ қызынан «дамыл» тапқан!..Хан басын қанға толы тұлыпқа сап,Лақтырды дарияға сарыл қаққан!.. х             х               хОсылай сыр толғайды аңыз сөзі,Осылай жыр толғайды ақын өзі.Осындай еркек жалды арулардың-Па, шіркін, бар ма екен қазір көзі?! Десек те далам бүтін, дариям бар,Қаламқас, Мәншүк пенен Әлиям бар:Есті қыз өсірсе деп арман еттім,Қазақта қасиетті жанұям әр! Демеңдер мынау ақын ақылсынды,Ақтардым тарих жайлы асыл сырды.Томирис апам кейде түседі еске,Текті ару көрсем егер батыр сынды! Қазақтың еске түссе азап-мұңы,Қазақтың еске түссе азаттығы:Ерлердей ел қорғаған,Ұрпағы өсіп,Ержүрек еске түсер Қазақ Қызы!!!

Автор: