ВЕРНУТЬСЯ

    Эх, трубка,
Сен серігісің
Майдандық
жолымның,
Ұшқының
жалынындай
Зауал шоғының,
Түтінің биігіне
ұшады
Қатерлі Альпі
кегінің,
Бейне бір
тізбегіндей
Жауға атылған ажал
оғының.
Эх, трубка, трубка!
Эх, трубка,
Сен ескерткішсің бір,
Талай ойлар саласың...
Әлі есімде
азаттаған күн
Атақы Одесса
қаласын.
Иә, ұмытпаспын
достымның
Ең ақырғы көз
қарасын...
Ол сені маған
тапсырды
Мүмкін меніңде
артымда қаларсың...
Жоқ, қате, сен
ақырғы жеңіске
Менімен бірге
барасың.
Эх,трубка, трубка!
Эх, трубка,
Егерде қатер күшейіп,
Мені үрей билесе,
Өмір сонары
алыстап,
Қиялым қорқынышқа
сүйресе,
Сенің мүйіз
сабыңды
Баса түсем
тісіме.
Дертті жеңер
дарудай,
Ащы түтініңді
Сорып, сорып алам
ішіме.
Сонда сен жүрегіме
Қайнар жігер
бересің,
Кегімнің жүзін
қайрап,
Қорқынышты мүлде жеңесің.
Мен каскамды баса кием де,
Батысқа тігем көзімді.
Автомат қарулына
байлап
Мазақтаймын сұм
өлімді.
Эх,трубка, трубка!
Вена маңы, 1945