ВЕРНУТЬСЯ

    Тәуелсіздік! - Сен! -

Сағыныш ең сарғайтқан бала кезден!

Сен - Арман едің! -

Қорланғанда жас тамған қара көзден!

Сен болашақ ең! -

Әр таңынан бар қазақ үміт күткен!

Мен ақын ем! -

Осы әнімді бастадым қара сөзбен!

О да өзіңдей - Құдірет! -

Құдіретін дана мен сана сезген!

Тәуелсіздік! - Сен! -

Табиғатың ерекше, дара тұлғаң!

Сен - Тәңірдің нұрысың! -

Жүректерге сезім боп таратылған!

Сен - Сәбисің! -

Тойлап жатыр байтағың он жасыңды!

Сен - Шамшырақ -

Сәулеленіп өзіңмен баратыр маң!

Сен - армандар перзентісің! -

Қаны менен жанынан жаратылған!