ВЕРНУТЬСЯ

Дұға сынды қайталап,Сан айтсам да атыңды.Сұлу сөзбен мүсіндеп,Арнасам да хатымды Мен жеткізе алмаспын,Айналайын, туған ел,Жүрегімнен жаралғанСаған махаббатымды. Қазағымның қанының,Тамшысы бар қанымда.Намыс үшін күрестіңТартысы бар жанымда. Осылар деп ойлаймынӨмірімнің тірегі,Осылар деп ойлаймын,Бақытым да, барым да. Сен дегенде елеңдеп,Атты таңым, батты күн.Биік болса екен деп,Сенің әркез шоқтығың. Сен арқылы білінер,Көңіл күйім менің де,Байланысты өзіңе,Мұңым, қайғым, шаттығым. Беті қайтты бүгінде,Сан ғасырлық ызғардың.Гүл жайнаған ертеңгі,Болмысыңа ділгәрмін. Жаса, жаса туған ел,Аман болшы әрдайым.Дүниеде сен тұрсаң,Армансызбын, мен бармын!