ВЕРНУТЬСЯ

     Бір түлкі
жүгіріп келе жатып абайсыз да бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су
іздеп жүріп, әлгі апанға келіп, түлкіні көріп:
-        Әй
түлкі батыр, неғылып тұрсың?
- депті.
Түлкі айтты:
-        Ой
неғыласын, батыр, жаным рахат
тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім,
апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,- деді. Мұны естіп ешкі мен де салқын су
ішейін деп, секіріп апанға түскенде, түлкі-екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан
мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді.