ВЕРНУТЬСЯ

Түнде мысық жылағаны жағымсыз,Ондай кезде тартады әбден жаным күз.Шырылдайды-ау тоңғанынан жарықтық,Құшағына алғанында қар үнсіз.                      Неткен қатал сықырлаған қыс,боран,Зар айтады терезе де мұздаған.Естігенде жылағанын сәбидің,Менің-дағы жан-жүрегім сыздаған. Бал  бөбегім қолында еді қарттардың,Сағыныш қой көңіліме артқан мұң.Босаңдау жан босамайын мен қалай,Естіп жатып сыңсығанын бақтардың?..

Автор: