ВЕРНУТЬСЯ

Түс көрдім...Таңға салым...алабөтен,Жазира,кең бір жазық алап екен.О,ғажап,сізге өтірік,өзіме шын,Күй кешіп құдіретті барады екем.Керемет сөз жетпестей сезімдемін,Қауышып тұрғандаймын даламенен. Көрінген сонадайдан қыр басынанКүш алдым Шотан,Досан тұлғасынан.Абылдың асқақ жыры тербегендейҚауымның табылыппын дәл қасынан. Үшеуі асқақтайды сонадайдан,Жүргені-ау кетпей әлі олар ойдан.Адайдың атышулы арыстарыЖүр екен не дәметіп балақайдан. О,менің бабаларым сүйенетін,Түсіме күмбез тамдар жиі енетін.Сый етіп жіберіпті қазанатын –Қолдаушы қайда жүрсем киелерім. Тұлпардың тоқтасам ба сипатына,Тең келер жануар жоқ тұйнағына.Асауым асыл текті ойнақтайды,Жалт етіп көзін қадап жан-жағына. Тұрқына көзің салсаң таңқалардай,Тамсантып есіңді алып арбағандай.Аттаса алты айшылық жолды алып,Қияға қыран құсап самғағандай. Батырлар жырларында айтылатынАдуын осы болар айғыр атың!Есік пен төрдей келген кең кеудесі,Жүрегі шамалының шайлығатын. Көздері жалын болып жанатындай,Түндегі жұлдыз болып ағатындай,Керімсал кең даланың самалындай,Баяғы батырлардың қанатындай. Тұлпардың тұр екенмін тұсында мен,Толғанған,алабұртқан пішінменен.Жуастау тағы бірі бар секілді,Аумаған жаратылыс,түсіменен. Аумаған қазанаттан жөні бардай,Оның да үстінде көп меңі бардай.Алғашқы арғымақ ат атасы ма,Екеуі бірін-бірі танығандай. Артына қазанатым қарайлардай,Па,шіркін,сергек мінез рай қандай!Соңынан ерер серік жуас болмай,Болғанын өр құлықты қалай ма Алла-ай!? Бұл тұлпар тіл тиердей болмысынан,Дүлдүл боп жаратылған тумысынан.Айналдым қазанаттың алымдысы,Айналдым арғымақтың жалдысынан. О,пәлі,тіфә,тіфә,сақта құдай,Қалайша жатам тыныш ақтарылмай.Кеудеде оянады өжет рух,Даланы дүбірлеткен сақтарымдай. Біз деген ұрпағы едік батыр Дайдың,Кезінде кең әлемге атым жайдым.Астыма арғымақ ат мінгенімде,Талайды тайсалдырып,тақымдаймын. Түсімде сол киелі ат тұрды жақын,Жүр дей ме биігінде бір қияның.Жүйрік боп жетіп еді жампозыңаҰйытар ұранындай ұл ұяның. Әлде бір мен қияли адам ба екем,Білмеймін жақсы ма екем,жаман ба екем?Түндердің ортасында оянамынТілдесе күңіреніп бабамменен. Түсімде дүркін-дүркін аян бергенҚазанат тұлпар,бәлкім,анам ба екен?Сол күні төл баласы оза шауып,Жанына желеу берген,демеу берген. Кім білсін,менің шалқар бай мекенім,Самғатсын деді ме екен ой-дөненін.Сезініп пырағымдай пәнидегіЖұртыма жүрегімді сөйлетемін. Ешкімнен артық-тасып кеткен емен,Мен де бір ел қатарлы пенделерің.Дауылды тұлпар-ғұмыр кешсем дегенЖатыр ғой іштей бұғып кеудедегі үн...

Автор: