ВЕРНУТЬСЯ

      Түсті жерге ақ
моншақтар

Үзіліп бұлт қанатынан.

Жауқазындар,
сарғалдақтар

Жас баладай жаңа
туған.

Айналып жас гүл
әлемді,

Көңіл көкте жүр
кептердей.

Аспанда алтын
легенді

Әлдекімдер
сүйреткендей.

Қасымда Нұрқан бар еді,

Көкшетау басы
қар еді.

Есіме сол күн
түседі,

Қылшылдап тұрған қыс еді...

Есілдің бойын
жағалап,

Жөнелдік елді аралап.

Соғыс та ол кез
бітпеген,

Жылытты жұртты отты өлең.

Қолында Нұрқан домбыра,

Соқты көп өлең
желпініп.

Қанатын күйге
малды да,

Құлағын түрді ел тұнып.

Сайрады шешен
домбыра,

Төгілді мөлдір жыр кәусәр.

Болды ол елдің
алдында

Акан сері, Біржан сал.

Есілді сонда
Есілдей,

Өршеленіп
Нұрекең.

Ағылып
көл-көсірдей,

Жая берді жыр
еркен.

Қасымда Нұрқан
бар еді,

Көкшетау басы
қар еді.

Қылшылдап тұрған
қыс еді,

Есіме сол күн
түседі.

Отамалы бұлт
ойнап,

Жерге уыстап
шашқан от.

Қалың қарды күрт
айдап,

Күркірейді аспан
көк.

Күркірейді аспан
көк,

Тұңғиық бір аңғарлы.

Күркірейді аспан
көк,

Шайқап зәулім
тауларды.

Айқайлай ма,
қайтеді,

Арқасы оның құрыстап?

Дүниеге бір сыр
айтады

Дауылменен
дыбыстап.

Күрс етті кеп
тау шыңын

Жібергендей
лақтырып.

Құйды бір кез жаңбырын,

Ашуы оның шарт
сынып.