ВЕРНУТЬСЯ

 Кейде дәм-тұзың көтеріліп кетсе, қол-аяғың жерге тимейтін
кездер болады екен.
Биылғы майдан бері республиканың бесінші облысының
жерін басып тұрмын. Шымкент облысының бірінші хатшысы Рысбек Мырзашев жолдастың
көңілі жарқын.

-        Сәл
сабыр етіңіздер, - дейді ол, жан-жақтан соғылған телефондардың құлағын қолы
жеткенше ұстап, алма-кезек сөйлесіп, біз жаққа күлімдеп қарап қойып.

 Бұл - мақталы аудандар басшыларының ол кісіге беріп
жатқан бір күнгі жұмыс барысы жайлы рапорттары еді. Сөйтіп, мақта терім науқаны Оңтүстік өлкеде басталып кеткен екен.
Басшының көңілі жарқын болатын себебі - биыл мақта жақсы, соны жинаудың басталу
қарқыны да жақсы екен. Күн де ашық.

-        «Мақта
жинау - бүкілхалықтық іс» деген ұранның шын мәнісінде солай екенін жеріне
барғанда көресіздер, - дейді Рысбек, - халықтың ең шабытты сәті, оның ұйымдастырушылығы
мен қаһармандығы ша- буыл үстінде көрінеді, олар ортасынан жаңа батырлар шақырады,
соны жырлайтын сіздер де дер кезінде келдіңіздер, «қүтты қонақ келсе, қой егіз
табады», әрине, бүгінгі күнде сіздер қонақ та емес, қолбасшылар бо- ларсыздар,
жолдарыңыз болсын! Көріскенше күн жақсы! Көңіліміз аса көтеріліп кетті.
Сөйткенде, жол табаны да көтерілді. Алда - атақты Келес өлкесі. Мыңғырған малы,
бүкіл өңірді жетілген кезде аппақ нұрға малындырған мақтасы, тандай суырып
тамылжыған батырдың, ақынның туған жері.Қазықұрттың басында кеме алган, Ол
әулие долмаса неге талгап, - дейтін Қазығұрт осы. Бүл жазықтықта өзінен басқа
биік тау жоқ, ол тіпті асқарланып, әулиеленіп көрінеді екен. Ескі жол, жаңа жол
деп бөлгенімен, екеуі де асфальт. Қайсысымен жүрсең де еркің. Жақсы төте -
барар жерге тезірек түсіреді. Екі жолдың жақсылығы - бойында соғып кететін
елді-мекен жерлер бар: «Шарапхана» деген секілді. «Шарапхана» - баяғы керуен
жолынан қалғ- ан мүлде көне есім. Ол біздің қойған ат емес. Қазір онда неше
түрлі жеміс, құрт-ірімшік, қымыз-қымыран базары бар. Көне мекеннің иісі аңқиды.
Туысқан қазақ, өзбек халықтарының айқасқан құшағы сезіледі.Қысқасы, бізді
Сарыағаш ауданының жерімен зымыратып отырып, Келес ауданының орталығы - Абай совхозына
әкеліп бір-ақ түсірді. Аудандық хатшы Тасанби Тоқбергенов жолдас күн ұясына
батар-батпастың өзінде де қызмет басында отыр екен, сәлемдескен бойда ол:

-        Қазір
мақта терімін бастап кеттік, ең алдымен қолмен теруден басталады, одан соң ұлы
терімге комбайн кіріседі. Ертең қаланы аралайсыздар, бәрін декөзбен көресіздер,
ақындық сапарларыңыз оң болсын! - деді. Бұл - ауданға жаңа келген басшы екенін естіп
келе жатқанбыз, қылшылдаған, қайратты жас жігіт екен. Оған да біз құтты жол,
ашық күн тіледік.

«Келес» совхозы - Тоқаш Бердияровтың туған
совхозы, аудан орталығының іргесінде болып шықты. Совхоз директоры Тұрғанбек,
тағы Тұрсынбай атты жігіттер ертеңгі шайдан соң мақта даласына шақырды.
Алысқа,
көкжиекке ұласып жатқан жасыл алқап ақ ала
шабыттанып, енді біраздан соң қауашақтар түгел ашылғанда шымқай ақ өлкеге
айналғалы тұр екен. Біз жүріп келген жол жиегінен тым жақын жерде белдеріне ақ
қанар байлаған әйелдер қатар жүріп, мақта теріп келеді. Әбден шеберленіп, әккі
болған саусақтар сабақ бойындағы мақталарды суырғанда көз ілеспейді. Бармақ
басынан ақ қапшықтарға күміс саулап жатқандай.

-        Уа,
жолдарың болсын, ақындар. Біздің далада гүл көп, сол гүлдердің көкесі - мына биылғы
тұңғыш ақ алтыннан шашу шашамыз, - деп, орта жастағы әйел ашық дауысымен қарсы
алды. Бүл кісі шынында да әйгілі мақташы Ұлжалғас жеңгей екен. Тоқаш екеумізге бір
ұядан қатар шыққан егіз мақта шитісін ұсынды.

-        Мұндай
егіз басты мақта сирек кездеседі. Егіз ақын келе жатыр деген соң, жаңа әдейі
іздеп тауып едік, - дейді ол. Аудандық хатшы, біздің жол басшымыз - Гүлнара

Ақбердина: - Бүл бригада «Күміс жеңгейлер»
деп аталады. Күміс десе күмістей кісілер. Күні бойы қолдарынан күмістей мақта
сорғалаған соң қойған ат қой.

-        Таба
алмай жүрген өлең тап қасыңнан шықты, - деп, Тоқаңа қараймын. - Күміс жеңгейге
алтын қайны қайда бар? Делегация атынан мынау еңбек иелеріне алғыс ай-

тамын.Бұл көріністерді көңілге
ұзақ сақтау үшін тағы да терімге кірісіп кеткен, бейне бір симфония орындарға қатар
отыра қалған оркестрдей, далаға жаңа күй бітірген «Күміс жеңгейлерге»
қайта-қайта қараймыз. Шіркін, еңбектің таусылмайтын ұлы симфониясы!

-        Дәл
осы арадан алыс емес, анау қырда Тоқаш ағаның тұңғыш мектебі бар. Енді соған
беттейік, - деді тағы да Гүлнара.

Мектеп ішіне
кіреміз. Директор бастап келе жатқан ұзын коридорда салют беріп тұрған оқушылар
арасынан өтіп, кең бөлмеге енеміз. Бұл
- біздің жаңа ашқан музейіміз. Әзір экспонаттары аз, біз болып, оқушылар болып
тірнектеп жинап жатырмыз. Біз ескі сарғайған суреттерге үңілдік:қолдарына
кетпен, күрек ұстаған, темір соқалар сүйреткен бір топ, ала-құла киім киген
адамдар туған жердің топырағын аударып, дән сеуіп жүр. Кеудемізді керемет сезім
билеп, қайран әкелерге сүйсіне қараймыз.Негізінде Келестің ең үлкен, ең ескі
мектебі - осы. Осы күнгі аудан көлеміндегі отыз орта мектеп осы мектептің
балалары есепті, яғни қара шақырақ. Тоқашта осында оқыған. Осыдан соң бір тамаша кездесу - еңбек
ардагерлері арасына көшірілді. Оның ең басында көбінесе аналар орналасқан,
ортасында ең алғашқы республикадағы Социалистік Еңбек Ерінің бірі, атақты
мақташы - Рыскұл Мақатова отыр.

-        Ал
мақта деген - менің тағдырым, менің қаныма сіңген кәсібім, сондықтан мақта
жинау кезеңінде менде әлі күнге дамыл жоқ, ешкім ешқайда жұмсамайтын құрметті
демалысым бар, сонда да өзімді-өзім жұмсаймын. Қазір осыдан соң тура мақта
даласына жөнелем.

-        Мақташылар
өзгеше мінездегі адамдар. Бүл байырғы кәсіп болғандықтан да, халық ішінде оның
неше түрлі ырым, салты, дәстүрі бар. Әр жылдағы шығым, терімнің де мінезі әр
түрлі ғой. Соның қай түрі болмасын мақташылар жақсы, жаман деп айтпайды. Осы күнде де солай болу керек. Гектарынан
жалпы шамалағанда қанша центнер, тонна деп сұрашы, айтар ма екен. Мемлекет
жоспарын бастықтар біледі ғой дей салады.

-        Міне,
биылғы мақтаның жаксылығының нышаны, - деп, өне бойы мақтаға толы, биік бір
сабақты қалтасынан бәкісін алып, түбінен кесіп маған ұсынды Тоқашың. Көзіме өне
бойы сыңғыр қаққан шағын балалар елкасының ағашы елестейді. Қауашақтар іші толы
мақтамен сыңғыр қағады.

Тоқаш: -
Белгісі деп тұрғаным мынау басындағы қос-қос көсектер. Көсек - деген әлі бүрін
жармаған мақта сауыттар. Ашылғандары жиналып болғанда, бұлар ашылып, тағы дала
ағарып, екінші терім бастал- мақ. Қазақы түсіндірсем - «қойы егіз тапты» деген сөз. Мұны мақташылар өздері ғана біледі
де, сырт адам- ға сыр шашпайды. Тіл мен көзден жасқанады. Осылардың соңында
енді сидаланып қалған сабақтарды «қозыпая» дейді, егіннің сабаны тәрізді.
Баяғыда шешелеріміз соны отын тұтынып, шай қайнатып, ет асатын. Осы күні одан
да неше түрлі пайдалы нөрселер жасайтын көрінеді, соның бірі - спирт.Мына
сөздерден соң Тоқаш маған мақта даласының нағыз перзенті, нағыз қожасы болып
елестейді.

-        Кешегі
Рыскұл апай жайында Қалмахан Әбді- қадыров «Келес қызы» деген роман жазған.
Садық Кәрімбаев «Оңтүстікте ақ мақта» деген ән шығарып, кезінде өлке абыройын
дүрілдете көтерген кісі. Онымен бірге бір жылда тағы Еңбек Ері - үш бірдей ер
шыққан дәл осы жерден. Атағы осыдан отыз, қырық жыл бұрын жаңғырған ерлерді ұмытпай,
қайта соғып отыру керек, ол ұрпақ тәрбиесіне қажет.

* * *

«Келес» совхозының кең клубында ақын Тоқаш Бердияровтың
туганына 60 жыл толу салтанатты жиналысы ашылды.
Бұған аудан еңбекшілері
түгел қатысты.Мәжілісті үлкен кіріспе сөзбен аудан басшысы Т. Тоқбергенов
жолдас ашып, ақынның өмір өткелдеріне творчестволық жолына кеңінен тоқталды.
Одан соң ақынның құрдастары, мақта шеберлері, жас талапкер ақындар сөз алды. Мен
Тоқаш туралы сөзімде оның туған жері мен Оңтүстіктің
терең тамырлы қара ағашына, егін жайды аралап аққан арықтарына, самсап өскен
мақта сабақтарына байланысы, оларға адамдық, ақындық ұстаздығы жайында айтып,
Алматыдағы Тоқаштың еліне келгенде басқаша танығанымды, оны ауылынан іздеп
тапқанымызды толғадым. Мұндай жағдай кез келген ақында табыла бермейтінін, тек
елін, жұртын алаңсыз сүйген, оның атаулы, оқиғалы күндерінде ылғи қасынан табылатын
жыршы болғанда ғана кездесетінін айттым. Мен «Төменгі аудандар» - деп атайтын
қиыр оңтүстіктегі бес-алты мақталы
аудандарының еңбеккерлеріне сәлемдесіп, табыс тілеп, тойға қатынасқан өзбек халқының
азаматтарына алғыс жолдадым.