ВЕРНУТЬСЯ

    - Кәне, сөйле,
обер мырза!
Қылмаңдама
жалған күліп.
Кеше өлім
ойпатында
Сен емес пе ең
салған бүлік!?.
Есіңде ме, сонда
біздің
Баламызға оқ
атқаның.
Үлгірмепсің, сол
сәбидің
Білегіңнен сүртіп
қанын.
Тарихқа аян, әуре болма,
Көлегейлеп
жеңіңменен...
Сол ойпаттан
таптың бір жан
Оғыңа да
жеңілмеген.
Бұл не сурет ұсынғаның,
Өз балаң ба,
мырза, мұның?
Ертең сені «әке»
деуге
Қорланатын шығар
ұлың!
Қылмысыңды жаппа
обер,
Суретімен жас
сәбидің.
Өз ұлындай
нәрестені
Өлімге сен қалай
қидың!?
-          Кляйн
Иоган...
-          Қара мұны! Штраустың қойған атын,
Жас бөбегің
Иоганға
Дау жоқ, сенен
біздер жақын.
Сенде аталық жүрек бар ма?
Қан менен дара өткен жолың.
Қалшылдайды рас
қазір
Кешегі өлім еккен
қолың.
Біз сәбиді жазғырмаймыз,
Боямаймыз қанына жең.
Қадар едім
кеудеңе оқ,
Әттең тұтқын
болмасаң сен!
Жоқ, шошынба, тұтқын мырза,
Жұмсамаймын саған қолды.
Қаның да емес, жаның да емес,
Идеяңды жеңсем болды.
-          Капут
фюрер...
-          Я, солай,
Бұған менің сенімім мол!...
Тұтқын обер қалды
штабта,
Жеңіске біз
жалғадық жол.
Софеевқа,
1943