ВЕРНУТЬСЯ

(Ә.Кекілбаевқа)Әуен тартып өзалдан ұлыс әні,Әулиелер әлемі ұғысады...Әуелден-ақ әуезді әз-ғаламғаӘулиелік әріден жұғысады. Жұмбақ-әлем, мың сырға бөккен дала,Баяғыдан баян-жыр шерткен дала.Дуадақтар қонатын боз төбеденҰшырады ұланды неткен дана. Көз сүрінер кеңістік шалғайынанБал тамызып баланың таңдайынан.Бағзы-Баба көрініп бейнесінде,Емірене иіскейді маңдайынан. Желпігендей бейне бір таң самалы,Жалпақ-әлем бусанып ән салады.Толғайтындай аңыз-жыр-әпсананы,Абыз-дала желбіреп ақ сақалы. Абыз-дала, жөңкілген сағымдана,Дүрілдейді, дүмпиді дабыл қаға.Асау мінген хас батыр секілденер,Дес бермеген дүлей мен дауылға да. Даусы келіп нешебір көсемдердің,Даусы келіп нешебір шешендердің,Дәуірлерден жетеді жаңғырығып,Құлағына түйсікті жас өреннің. Әлімсақтан сыр шертіп құлын-әні,Бала-сана көп жайды ұғынады.Құлағында – байғыздың зарғағы да,Құлағында – қасқырдың ұлығаны... Құлағында - дала үні шымырлаған,Құлағында - баба үні сыбырлаған...Құлағында - азалы желдің үні,Шегірткенің сазды үні шырылдаған. Құлағында - ботаның боздағаны,Суын айғыр сыр-ғажап қозғағаны...Боз жусанды иіскеген боз балаңызҚалай сүймес мұнартқан боз даланы? Құлан жортпас құладүз бойды алады,Көне қауым...Құлпытас...Ой салады...Ұлан-ғайыр көсілген кеңістіктеБебеулетіп абыз-қарт күй шалады. Сәби-жүрек әлдене сезеді ме,Жүзетіндей сезімнің өзеніне.Қайран дала әлдилеп тербетеді,Туған жері ұялап өзегіне. Дала, шіркін, десеңші, жұмбақ қандай,Періштелер «пірім!» деп тіл қатқандай.Бір жағынан сахаба, киелер кеп,Фәлсапасын өмірдің жырлатқандай. Бір жағынан машайық көрінеді,Көкейінен төгіліп көңіл өрі...Бір жағынан жезтырнақ, жалмауыз бенЕлестейді жын-шайтан, перілері... Құмбыл дүние-ай,Қобызын безілдеткен,Құйын соқса, қаңбағы безіп кеткен...Қаратаудай қасқайып тұратұғынҚас түлегін қатепті, төзімді еткен. Дала әуені өзінше сарнатады,Таусылмайтын «гөй-гөйін» аңдатады...«Аман болсын тіл-көзден асыл ұл» деп,Шарананы шағылға аунатады. Ата-баба, аруақтар демейтіндей,Әулие-әмбиелер жебейтіндей.Құм үстінде жаралған қара бала,Бұл баланы бәрі де елейтіндей. Тылсым сырға бала да ұйып кетті,Құлағына көненің күйі жетті...Адамзатқа айтар ой, айтар сөзді –Құлағына Құдай кеп құйып кетті!.. х         х          хТәңір-Алла ұланын сүйіп текті,Бір басына бәрін де үйіп-төкті.Кенен ақыл, теңдессіз талант беріп,Парасат-пайымын да биіктетті. Құдай сөзін құп алған бала талмай,Құба белден жол тартты қара нардай.Әлгі мынау жырлаған әз-ғаламныңБар жұмбағын болжап бір таба алардай. Бақ жұлдызын ашқанда бұла таңдар,Ұлыларға жарасар ұлы армандар.Мырзайыр-құм, басталған БасқұдықтанТуған жер мен жүректе ұлы Отан бар! Мәңгүртке де мәрттіктің жағар отын,Сәулеліге тигізген шапағатын,Қазақ сынды халықтың феномені-Арқалаған адамзат аманатын! Сүйінді әлем қазақтың данасына,Рухани өрлеген дара шыңға!Жетпісінің желдіртіп желмаясын,Келеді Ол даңғайыр Даласында! Қауышады күнбе-күн еліменен,Көз салады Маңғыстау төріне кең...Тыныстап тұр ұлы Әбіш Кекілбаев-Үш Жүз Алпыс Әулие деміменен!

Автор: