ВЕРНУТЬСЯ

Ұлы өмірге ғашық боп жаралыппын,Туған жерден бойыма нәр алыппын.Туған жерден бойыма қан алыппын,Туған жерге кірпіш боп қаланыппын. Толғатқанда сыя алмай арнасына,Әруақ кеп қонтын арқасына,Әулиелі өңірдің перзенті едім,Туған жердің табынған әр тасына. Киелі өлкем нұр сеуіп санасына,Бағын берген бар бол деп баласына.Туған жердің мен де бір перзенті едім,Басын иген, сиынған бабасына. Қайсар өлкем қатайтым қанатымды,Қақ жарардай жан болдым қара қылды.Көтерумен келеді туған жерім –Жарқыратып жұлдыздай жанарымды. Бойда барды берейін мен де еліме,Малданбайын маңдай тер, еңбегіме,Бекет атам түзеп тұр бағытымды,От-шарпуын құяды келбетіме. Сол қызудан кеудемде шырақ жанып,Жаным сырын жырменен тұр ақтарып.Үш жүз алпыс сиынып әулиеге,Күннен-күнге барамын қуаттанып.

Автор: