ВЕРНУТЬСЯ

    Бұл тірлікте пақыр да бар - мұсылман,

Бү тірлікте патша да бар - мұсылман.

Тыңдап көрші, ағайындар, бір ойын

Қатардағы мұсылманның ұсынған...

...Қайда, адам, ізгілігің, қайырың,

Қайда, "Заман", әділдігің, байыбың?..

Тап болардай, замандас боп сіздерге

Бар ма менің соншалықты айыбым?..

Жан едім мен, ізгіліктен нәр алған,

Келеді деп тендік, бақыт - бәрі алдан.

Әлі күтем, сенімдімін сол күнге,

Шүкір, шүкір... жүрегімде бар Аллам!..

Қарғалы. 28.07.2000.