ВЕРНУТЬСЯ

Ақылым құлап құдыққа,Шығыр тартқандай айналдым.Үмітті жалғап сырыққа,Шықпаққа белді байландым. Аспанда жүзген ай-табақ,Жетелейді ойлы жанарды.Мұңымды менің қайталап,Ғасырдың шашы ағарды. Бар-жоқтан сенім құрап ап,Жолына түстім үркердің.Теңізден тамшы сұрап ап,Шілденің бетін сүртем мың.Өртеніп желдің көйлегі,Аралай қашты аптапты.Тұлпар-жыр аңсап бәйгені,Өртенуге ол да шақ қапты. Шабыттан шырқап жеткенде от,Аламын жырдан таң құрап.Бір жылда екі көктем жоқ,Бір қасық үміт бар бірақ. Қуалап сұр жел өміріңді,Сары құм, қырда жасисың.Баяғыда өлген көңіліңді,Ары-бері сен де тасисың.