ВЕРНУТЬСЯ

немесе Бекет ата рухына сыйыну Тас қорымдарға айналып,Жатсың ба, баба, жайланып.Мінәжат етем о, аруақ.Кешеңдеу қайта ойға алып.Төбемнен заман торланып,Ұрпақ ем жүрген сорланып.Балапаныңбыз, әулием,Ұша алмай жүрген қомданып.Үстемдік көріп жасқанып,Жанардан мұңлы жас тамып,Бар тапқанымыз даурығыпБас шұлғулардан аспадық.Күн кешіп ырду-дырдумен,“Бұл күндер бақыт, нұр” деуменУақытты алтын өлтірдікМастықпен және мүлгумен.Көсем деп білдік олқыны,Шешен деп білдік таңқыны.Иіріп қойша жалпыны,Көтердік көкке жалқыны.Билікті беріп қыртыңа,Көндірдік көпті ырқына.Жоғарыға қарап бас шұлғып,Шығарды ол қолын жұртына.Асылымызды айдадық,Жасығымызды сайладық.Ақыл сөз айтар көмейденСуырып тілді байладық.Жоғалып дінім, иманым,Дөкірлік болды жиғаным.Ұмытып қазір барамызАтаны бала сыйлауын.Жойылып ұлттық сипатым,Қазаққа келмес тұрпатым,Шүлдірлеп бәрі тұрғандаАртады жүрек сырқатың.Еліңді  сөйтіп тоздырдық,Тұлпардан тұғыр оздырдық.Жер бетін жайлап барадыМейірімсіздік пен озбырлық.Өшпеген енді қалды нем,Тобырды қалай сендірем.Шапағатыңды бер Ата,Оу, Бекет, қолда әулием,Пір Бекет, қолда әулием!