ВЕРНУТЬСЯ

Үстiрт едi.Жеткiзбеген кешкiлiк.Жел де соқты күнге күйiп, ескiрiп.Аптап желдiң алақаны ып-ыстық,Ақ гүлдер де қалған екен ес бiлiп. Таудан түсiп келе жатты түн-отау,Жартастардың қылығы сан.Мың атау.Анау тауды жаншып кеткен өкiнiш,Әлдеқайда асығып тұр мына тау. Желдiң сөзiн жүре тыңдап сары құм,ұсынады сағыныштың сарынын.Бесоқтының шыңырауынан су iшiп,өшiп барып, тiрi қалдың, жалыным.Сол бiр күндер!Жаныма нұр жауғандай,Көңiлiме көшiрiп ем аудармай.Сағынышқа ғана сенер пенде едiм,Тасқа ғана сенетұғын таулардай. Менi ұмытпа, Үстiрттегi мың сан жал,Тағы келсем. . .Аң-таң болып тұрса аңдар.Желбiреп бiр шықса тағы алдымнан,үмiтiне қыстап шыққан жусандар. Жаз да бiттi.Қайдасың сол мауыт қыр?Жандүние, өзiңдi әнмен сауықтыр.Жаз бен қыстың арасы бiр елсiздiк,Елсiздiкке сары жапырақ жауып тұр.