ВЕРНУТЬСЯ

   Қош бол, азат мадьяр халқы, 
Қош, әдемі Балатон көл!
Шоқтығына көтерді
Алып
Өркешіне оралып
жол.
Шыр айналып ерледік біз,
Таудың биік ұшарына.
Қорқынышты
шыңырау құз
Тұрды түтін құшағында.
Табиғаттың заңы бөлек,
Соғысқа ол бағынбастан,
Жамылыпты жасыл терек,
Үлбіреп ақ үкі
таққан.
Рас, қазір жалын шарпып,
Омырылып жатыр
орман,
Тау үстінде
«миссер» қалқып,
Тоқтатпақшы бізді
жолдан.
Жоқ, жоқ, қате,
бөгеу қыйын,
Тойтара алмас біздің
күшті,
От жамылып ала
құйын,
«Миссер» құзға
құлап түсті.
Темір каска,
сынған найза,
Қирап қалған
зеңбіректер.
Омақасып терең
сайда
Жатыр жайрап жау
өліктер.
Көнесің ғой көрген көпті,
Айтшы маған, Альпі
кәрі!
Мүмкін, осы
жолмен өтті
Атақты орыс
фельдмаршалы?!
Шыңырауыңда тат бүркеніп
Бонапарттан қалған «сый» бір.
Сол тереңге түсті
өртеніп,
Гитлерлік шұбар
«тигр».
Үрей емес, үміт бізде...
Оқ аударған өттік ордан...
Иоганның ойна бізге,
Музыкасын жасыл орман!
Келеміз біз жылжып баяу,
Естіледі орман күйі.
Алдымызда Вена таяу
«Европаның қонақ үйі!..»
Вена маңы, 1945