ВЕРНУТЬСЯ

     Жанымда жас қыз бен жігіт болгарлар, 
Қыз мойнында
қызыл моншақ маржандар,
Қараймын мен
маржанға да өзенге
Ағынында абзал
ойлар, армандар.
Толқын беті таң
шапағы - күрең нұр,
Сыр тыңдаймын
күмбірінен кілең бір.
Тізбектеліп өтіп
жатыр алдымнан
Түсі суық
әзрейілдей сүрең жыл.
... Жау қолында қайқы қылыш қандалған,
Әзрейл де қорқар
еді заңғардан.
Айдап келед,
айдап келед шұбыртып
«Еркек кіндік
қалдырмастан болгардан».
Мен шошимын қара мұртты түріктен,
Ал болгарлар емес
әсте үріккен.
Кең адымдап
келеді олар ұлтының
Келешегін ойлап
өшпес үмітпен.
Қол-аяқта ауыр кісен сылдырлап,
Келеді олар.
Кеудеде жоқ мұңды
ырғақ.
Қайқы қылыш бұл тәкаппар жандардың
Қайсарлығын емес мәңгі сындырмақ.
Кісенді топ келіп жетті өзенге,
Асау толқын
дөңбекшиді төменде,
Ақ сәлделі қияқ
мұртын ширатты:
«Жүгін болгар,
құлдығыма көнем де!..».
«Жоқ! - деді -
Жоқ!»
Кең кеудеден
асқақ үн...
Алдаспандар шапты
мыңның бастарын.
Тау өзені
толқынында тербеді
Қасиетті
құрбандардың жас қанын.
Иықтардан ұшқан
бастар ол түні
Толқындарда
тоғытылып шоршыды.
Кекке толы кеуделерді қайталап
Күмбірледі кәрі Балқан қолтығы.
Деді Балқан:
«Бекін, балгар, зарланба!
Кек семсерін
қайра азаттық арманға...»
Абзал қандар ақ
толқында ұйысып,
Айналыпты қызыл күрең маржанға.
Бұл бір аңыз ел
аузында қашаннан,
Аңыз емес, мәңгі
ескірмес жас арман.
Таудан аққан
салқын шишмә осылай
Қызыл маржан
өзені деп аталған.
Жанымда жас қыз
бен жігіт болгарлар.
Қыз мойнында
қызыл күрең маржандар.
Бақытты ұрпақ,
сендер абзал ойларды
Келешектің
арманына жалғаңдар.
Янтра жиегі, 1944