ВЕРНУТЬСЯ

    Ұрпақ үшін отқа түскен еркімен,

Берген сөзге әрқашан да беркіген.

Он жетіде жесір қалып, жар сүймей,

Таң қалдырған айнымастық сертімен!

Жан азапқа тек сол ғана төзетін,

Керек  десе, ойып
берер өз етін.

Қасында тек жүрсе болды сүйгені,

Сол үшін де тыныштықтан безетін!

Баласына ата тілін ұқтырған,

Баба алдында қызмет қып тік тұрған.

Жақын етіп алыс елді аулына,

Ал өз жұртын алыс елге құт қылған!