ВЕРНУТЬСЯ

    Заманы азса парызын пенде ұмытқан,

Үзеді дәме ұрттаудан адал, тұнықтан.

Қорқаулар со кез кетеді билеп еркінді

Лайдан ішіп, өлексе мүжіп құныққан.

Қайырсыз адам, қатыгез заман қысқанда,

Басыңа төнсе тілемес күндер - дұшпанға,

Айналып кете бере ме, сорлы, пенделер,

Ініне ғана таситын бөрін - тышқанға...