ВЕРНУТЬСЯ

    Қарағым, қалқам Жаннажан, 
Жанымдай жақынсың сен маған.
Көз алдымнан
кетпейді
Қарашағың
жайнаған.
Нәресте күлкің кіршіксіз,
Өмірімнің
таңындай,
Балауса гүлді бәйшешек,
Жайдары жібек жазымдай.
Жұлдыздай жайнап жанарың,
Сен тұрғанда өмірде,
Жүрекпен сүйген
достымның,
Бейнесі қалмақ көңілде.
Үстімнен түнек арылар,
Шырайыңды көргенде,
Құлаққа күлкің
келеді,
Төбемнен қатер төнгенде.
Асылғандай мойныма
Ағалап сәби
білегің,
Қорғасындай
балқыйды
Аталық, солдат
жүрегім.
Майданда қаза
тапқан достым, лейтенант
Сейтахметовтың
жалғыз қызына.
Кейде кірпік ұшыңнан
Мөлдіреген жас
көрем,
Қасіретіңді
арқалап,
Түнеріп көкке
өртенем.
Кейде бір сурет жүзіне
Көремін төнген
кезіңді,
Ұзақ мезгіл
алмастан
Аумаған содан
көзіңді.
Сонда сәби
жүрегің
Әлде кімді
қарғайды,
Көзің құрғақ
болса да,
Нәресте жаның
зарлайды.
Түсінем, қалқам Жаннажан,
Жанымдай жақынсың
сен маған,
Сұрапыл соғыс
кезінде
Сен емес жалғыз
зарлаған.
Кегіңді іздеп біз
жүрміз,
Қан майданын
шарлаған,
Залымға зауал
сағаты
Соққалы тұр
арнаған.
Днепропетровск, 1944