ВЕРНУТЬСЯ

Жапырақ – жүрек, желбіреп,Ұмтылушы еді көкке үміт.Құшады енді жерді кеп,Құлаған құстай оқ тиіп. Жайдары күндер жылысып,Жел ойнақ салар алаңда.Көзінен күннің нұры ұшып,Тапталып жатыр табанда. Тағдырға мынау ақымақ,Тұрғандай айтып нала бау.Жапырақ... Ұшқан жапырақ...Ұмыт боп солай қалады-ау. Туған жер сенің төсіңде,Көктеген мен бір талыңмын.Жырларым қалсын есіңде,Жапырақтары жанымның!..